Жаңартуларды клиент құрылғыларына автоматты түрде тарату

Сіз таңдаған бағдарламаның жаңартулары жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктегеннен кейін бірден клиент құрылғыларына автоматты түрде таралуы үшін:

  1. Клиент құрылғыларын басқаратын Басқару серверіне қосылыңыз.
  2. Таңдалған клиент құрылғылары үшін осы бағдарламаның жаңартуларын келесі тәсілдердің бірімен тарату тапсырмасын жасаңыз:

    Жаңа тапсырма жасау шебері іске қосылады. Келесі шарттарды орындау арқылы, оның нұсқауларын орындаңыз:

    1. Шебердің Тапсырма түрі терезесінде, өзіңізге қажетті бағдарламаның түйінінде жаңартуларды тарату тапсырмасын таңдаңыз.

      Тапсырма түрі терезесінде көрсетілетін жаңартуларды тарату тапсырмасының атауы тапсырма жасалатын бағдарламаға байланысты. "Лаборатория Касперского" таңдалған бағдарламаларына арналған жаңарту тапсырмаларының атаулары туралы көбірек білу үшін осы бағдарламаларға арналған Нұсқаулықтарды қараңыз.

    2. Шебердің Кесте терезесіндегі Кесте бойынша іске қосу өрісінде Қоймаға жаңартуларды жүктеу кезінде іске қосу нұсқасын таңдаңыз.

Нәтижесінде, жаңартуларды тарату тапсырмасы жаңартуларды Басқару сервері қоймасына жүктеген сайын таңдалған құрылғылар үшін іске қосылып тұрады.

Өзіңізге қажетті бағдарламаның жаңартуларын тарату тапсырмасы таңдалған құрылғылар үшін әлдеқашан жасалып қойған болса, онда жаңартуларды клиент құрылғыларына автоматты түрде тарату үшін Кесте бөліміндегі тапсырманың сипаттар терезесіндегі Кесте бойынша іске қосу өрісінде Қоймаға жаңартуларды жүктеу кезінде іске қосу нұсқасын таңдау керек.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Басына оралу